Ссылки доступа

Трамп: Ресей тәліптермен келіскен деген мәлімет расталмады


Президент США Дональд Трамп
Президент США Дональд Трамп

АҚШ барлауы Ресейдің тәліптермен сөз байласқан деген мәліметке сенбей, оны президент пен вице-президентке айтпаған. Бұл туралы Дональд Трамп жексенбі күні кешке твиттерінде жазды.

Тәліптер Ауғанстанда АҚШ сарбаздарын өлтіргені үшін Мәскеуден сыйлық алған деген мәліметті The New York Times газеті хабарлады. Басылым америкалық арнайы қызметке сүйенген. Дегенмен Ақ үй президент Дональд Трамп пен вице-президент Майк Пенс бұл туралы естімеді деп отыр.

Трамп газет мақаласын "фейк" деп атады. Ресейдің сыртқы істер министрлігі де осыған ұқсас пікір білдірген.

"Талибан" қозғалысы Ауғанстандағы америкалық сарбаздардың өліміне Ресейдің қатысы жоғын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG