Ссылки доступа

Қытай Гонконгтың ұлттық қауіпсіздігі туралы заң жобасын талқылауға кірісті


Қытай депутаттары Гонконгтың ұлттық қауіпсіздігі туралы заң жобасын талқылай бастады. Сарапшылар бұл құжат жартылай автономиялы аймақ тұрғындарының құқықтарын аяққа таптауға жол ашады деп есептейді.

28 маусымда Жалпықытай жиналысының арнайы сессиясы заң жобасын талқылай бастады. Құжат 30 маусымда қабылдануы мүмкін.

Жексенбі күні жүздеген адам Гонконгте заң жобасының қабылдануына қарсы шықты. Полиция мен наразы топ қақтығысып, арнайы жасақ адамдарды тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолданған. Полиция 53 адам ұсталғанын хабарлады.

АҚШ сенаты Гонконг ұлттық қауіпсіздігі туралы заңды қабылдағандарға санкция енгізуді қарастыратын заң жобасын өткен аптада мақұлдады. Ұлыбритания билігі болса Гонконгтың миллиондаған азаматына британ паспортын беруге дайын екенін мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG