Ссылки доступа

Душанбеде түрмеде отырған оппозиция белсендісінің ұлы қамауға алынды


Асрориддин Розиков

Тәжікстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) қызметкерлері елінде тыйым салынған Тәжікстандағы исламның қайта өрлеуі (ислам партиясы) партиясының мүшесі, қазір түрмеде отырған Зубайдуллои Розиковтың ұлы Асрориддинді қамауға алды.

Бұл жөнінде 29 маусымда оның жақын туыстары Азаттықтың тәжік қызметіне хабарлады. Тәжікстанның арнайы қызметі бұл ақпаратты әзірге растамады.

«Бізге дүйсенбі күні ҰҚМК қызметкерімін деп бір адам звондады. Ол Асрориддиннің N1 тергеу абақтысына ауыстырылғанын хабарлады. Біз одан хабар алуға арнайы қызмет мекемесіне барғанымызда, ол туралы ешнәрсе білмейтінін айтып бізді қайтарып жіберді»,- дейді туыстарының Хисомиддин Розиков.

38 жастағы Асрориддин Розиковтың туысы оны 26 маусымда «Корвон» базарының жанында ұстағанын айтады. Ол сол базара балалар киімін сатып келген. Базардағы әріптестерінің бірі Нурали Баротов Асрориддин бірнеше күннен бері базарға келмеді дейді.

Туыстары Асрориддинді ұстау арқылы билік түрмеде отырған Зубайдуллои Розикқа қысым жасап жатыр деп біледі. Ол телеарналарға ислам партиясы лидерлеріне қарсы пікір айтудан бас тартқан.

76 жастағы Зубайдуллои Розик 2015 жылдың күзінде ислам партиясының лидерлерімен бірге ұсталған. Оларға елде әскери төңкеріс жасамақ болды деген айып тағылды. 2016 жылы Розикті 25 жылға бас бостандығынан айырды.

28 маусымда Зубайдуллои Розик туыстарына бақылаушылар одан Құран кітабы мен коронавирустан қорғану үшін антисептикалық құралдар тапқаны үшін бес күнге айып изоляторына жібергенін хабарлаған.

XS
SM
MD
LG