Ссылки доступа

COVID: Қырғызстанда бұғатта тұрған 20 жедел жәрдем көлігі пайдалануға берілді


Қырғызстанда денсаулық сақтау министрлігі қызметкердеріне қозғалған қылмыстық іске байланысты бұғатта тұрған 15 жедел жәрдем көлігі Бішкектегі шұғыл көмек көрсету орталығына берілді.

Үкімет мәліметіне қарағанда, 2018 жылдан бері пайдаланылмай тұрған бұл көліктерді қалада "жедел жәрдем" жетіспей жатқандықтан іске қосқан.

Қырғызстанның бірінші вице-премьер-министрі Алмазбек Баатырбековтің айтуынша, денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлеріне қылмыстық іс қозғалып, көлік құжаттары дұрыс болмағандықтан 15 жедел жәрдем көлігі 2018 жылдан бері пайдалануға берілмеді.

"Бұл мәселе құқық қорғау органдарымен келісілді. Бірақ бұл іс бойынша тергеу жұмысы жалғаса береді", - деді Батырбеков.

Көліктер техникалық тексеруден өтіп, жарамды деп табылған.

Германияның даму банкі Қырғызстанмен достықты нығайту бағдарламасы аясында 15 жедел жәрдем көлігін сыйға тартуға шешім қабылдаған. Осыған байланысты тендер жарияланып, Нидерланд елінің Dutch Health компаниясы 2017 жылдың жаз айында көліктерді алып келу керек болған. Бірақ түрлі себептермен көлікті желтоқсан айында ғана алып келген. Бірақ құжаттар дұрыс емес, көліктерде ақау бар делініп қолданылмай келген.

Бұдан бөлек қорғаныс жөніндегі мемлекеттік комитеті мобилдік бригадалар үшін бес көлік бөліп берген.

XS
SM
MD
LG