Ссылки доступа

Самарқанда көлік зауытының қызметкерлерінен коронавирус анықталғаннан кейін, мәжбүрлі жұмыс істету тоқтатылды


Самарқанд көлік зауытының ("СамАвто") жүзге жуық жұмысшысы екі қызметкерінен коронавирус инфекциясы анықталғаннан кейін 14 күнге карантинге жатқызылды.

Бұл ақпаратты бір-біріне тәуелсіз төрт дереккөз растады. Коронавирус зауыттың дәрігері мен цех шеберінен анықталған. Енді қызметкерлері зауытты жабады ма деген қауіппен, кәсіпорындағы жағдай туралы шынайы ақпарат беруден бас тартып отыр.

Мәліметке сәйкес, вирус жұқтырған екі адам ауруханаға жатқызылған. Біреуінің жағдайы ауыр.

"СамАвто" зауытының өкілі қызметкерлерден коронавирус табылғаннан кейін, түнгі ауысымда жұмыс істеу кестесін тоқтатқан. Бірақ зауыт жұмысын жалғастырып жатыр.

Сәуір айында көлік зауытының жұмысшылары карантин кезінде де түнде жұмыс істеп жатқанын айтып шағымданған.

XS
SM
MD
LG