Ссылки доступа

"Пайғамбар жасына" толған түркімен президентіне мадақ айтушылар көп (видео)


Түркіменстан президенті Гурбангұлы Бердымұхамедов 63 жасқа толды. Мемлекеттік телеарналарда президентке мадақ айту толастар емес.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары Бердымұхамедовтің кезінде қажылықта болып, Қағбаның ішіне кіргенін ерекше дәріптеп жатыр.

Президент "пайғамбар жасына" толып жатса, Түркиядағы, Солтүстік Кипрдегі және АҚШ-тағы түркімендер оның қызметтен кетуін талап етті. Ондаған түркімен азаматы 26 шілдеді Түркияда Бердымұхамедов билігіне қарсы наразылық акциясын өткізді. Екі күннен соң осындай шара АҚШ-та өтті.

В день рождения президента Бердымухамедова туркменистанцы требуют его отставки
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:25 0:00

Бердымұхамедов "пайғамбар жасына" толғанын атап өтуі үшін Мәскеуге Жеңіс шеруіне қатысудан да бас тартқан.

Түркімен жазушысы Худайберди Халлы ел президентін дәріптеуді жеке басқа табынушылық деп есептейді.

"Ол бүл күнді өзінің халықтан қаншалықты жоғары екенін көрсету үшін пайдаланып отыр", - деді жазушы.

Түркіменстанның мемлекеттік телеарнасы 28 маусымда "Ватан" бағдарламасында президент пен оның отбасын көрсетті.

От звезд к мечети. Как празднуют дни рождения президента в Туркменистане
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:01:06 0:00

XS
SM
MD
LG