Ссылки доступа

Қытай парламенті Гонконгтегі ұлттық қауіпсіздік заңын қабылдады


Қытайдың жоғарғы заң шығару органы бір ауыздан Гонконгтегі ұлттық қауіпсіздік заңын қабылдады. Сыншылар бұл заң Гонконгтегі адам құқығын бұзады деп санайды.

Now TV, RTHK және гонконгтік South China Morning Post басылымдарының хабарлауынша, 30 маусымда Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының Тұрақты комитеті заң жобасын мақұлдаған.

Заң жобасында Гонконгте "сатқындықты, сепаратизмді, бүлікті болдырмау, тоқтату және жазалау" көздейді.

Бұл заң Гонконгтің өзі ішінде және Батыс елдері тарапынан қатаң сынға ұшыраған. Олар заң Гонконгте саяси қуғынды күшейтеді, тұрғындардың бостандығын шектейді деп санайды.

Былтыр маусымда Гонконгте жұрт «күдіктілерді Қытайға беру туралы заң жобасына» қарсы шығып, үлкен наразылық болған. Осыдан соң Қытай билігі Гонконгтегі қауіпсіздікті бақылайтын заң жобасын ұсынды.

XS
SM
MD
LG