Ссылки доступа

Тулада түрмеден шыққан тәжікстандықтар елге қайтқысы келеді


Russia--Prison № 2 Russia's Tula region,21Oct2011
Russia--Prison № 2 Russia's Tula region,21Oct2011

Ресейдің Тула қаласында түрмеден шыққан бір топ тәжікстандық елге қайтқысы келеді.

Оларды Тәжікстанға депортациялау керек, бірақ пандемияға байланысты шекара жабық болғандықтан, түрмеден босағандарды бірнеше айдан бері темір торда ұстап отыр.

Рахмонали Мавлонов он түрмеде отырып шықты, енді ол екі айдан бері тергеу абақтысында отыр. 29 маусымда жазылған бейнеүндеуінде ол: "мұнда ешкімге керек еместігін, осында шіріп жатқанын" айтты. Тәжікстандық биліктен елге тезірек алып кетуін өтінді.

Тәжікстанның Ресейдегі елшілігі болса отандастарын төзімді болуға шақырған.

Тәжікстан мен Ресей арасында әуе қатынасы биыл наурыздың екінші жартысында тоқтады.

XS
SM
MD
LG