Ссылки доступа

Өзбекстанда алғаш рет екі басты сиам егізі дүниеге келді


Сиам егізі 27 маусымда Өзбекстанның Самарқанд қаласында дүниеге келді. Дәрігерлер сәбидің жағдайы ауыр деп отыр. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады.

Екі басты бала Самарқанд облыстық перзентханасында кесарев тілігінің көмегімен дүниеге келді. Сәбидің денесі бір, екі қолы мен аяғы, бір жүрегі және төрт бүйрегі бар. Егіз туғандағы салмағы - 4,6 кг, бойы - 48 см.

29 маусымда сиам егізі Самарқанд облыстық балалар медициналық орталығына ауыстырылды. Өйткені оның жағдайы қиындай бастаған.

Дәрігерлердің айтуынша, ""баланың тыныс алуы қиындап, жүрегі әлсіз екені анықталған". Сиам егізінің жағдайы ауыр.

Сиам егізі сирек туылады. Бұған дейін Өзбекстанда сиам егізі дүниеге келмеген.

XS
SM
MD
LG