Ссылки доступа

Рамзан Кадыров Путин "мәңгі президент" болуы тиіс деді


Шешенстан басшысы Рамзан Кадыров Владимир Путин Ресейдің "мәңгі президенті" болуға лайық деп мәлімдеді. Ол әлеуметтік желі арқылы таратқан видеоүндеуінде әлемдік деңгейде президентке тең келер адам жоқ деді.

Кадыровтың сөзінше, Шешенстан Путин тұсында гүлденді. "Біз бүгін Ресей Федерациясында, құқықтық мемлекетте өмір сүреміз" деген ол халықты сайлауға барып, дауыс беруге шақырды.

Дауыс беру 1 маусымда аяқталады, бірақ ресми мәлімет бойынша, Шешенстанның сайлаушыларының 75 проценті дауыс беріп үлгерген. Бұл Ресей бойынша ең жоғарғы көрсеткіш.

2018 жылы өткен Ресейдегі президент сайлауы кезінде де Кадыров Путин "мәңгі ел басқаруы" тиіс деген.

Ресей Конституциясына енгізілген түзетулерге сәйкес, Путиннің осыған дейінгі ел басқарған мерзімі жойылады да, оған қайта екі мерзімге, яғни 2036 жылға дейін сайлауға түсуіне мүмкіндік беріледі.

Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей Конституциясында мәңгі президент болу қарастырылмағанын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG