Ссылки доступа

Ташкентке үкімет басшысының шақыруымен барған Сох жұмысшылары кері қайтты (видео)


Өзбекстанның премьер-министрі Абдулла Ариповтің шақыруымен Olmazor City нысанын салу үшін Ташкентке барған Сох ауданының 15 жұмысшысы Ферғанаға қайтып кетті.

Олардың айтуынша, құрылысты жүргізіп жатқан Discover Invest компаниясы айына 390 доллар береміз деп уәде етіп, бірақ 175 доллар тағайындаған. 29 маусымда 15 жұмысшы Ферғанаға қайтты, енді әрі қарай жол жабылғандықтан, үйіне, Сох ауданына жете алмай қалған.

Қазір Қырғызстан аумағындағы Сох өзбек ауылына қарай жол толық жабық. 8 маусымда 230 жас жұмысшы Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Ариповтің шақыруымен Ташкентке барған. Оларды арнайы автобуспен шекарадан шығарған болатын.

31 мамырда өзбек-қырғыз шекарасы маңында орналасқан Чашма ауылында этникалық қақтығыс орын алған. Жанжал болған аймаққа барған Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов 500 жасты Ташкентке жұмыс істеуге шақырған.

XS
SM
MD
LG