Ссылки доступа

Өзбекстан ІІМ: Ташкентте тағы 11 терроршы ұсталды


Өзбекстан ішкі істер министрлігінің 30 маусымда хабарлауынша, "Тавхид ва жиход катибаси" террорлық ұйымның тағы 11 терроршысы ұсталды. Ұйым Ташкентте астыртын әрекет еткен делінеді ресми мәліметте.

Өзбекстан Жоғарғы соты 2016 жылы 26 қыркүйекте "Тавхид ва жиход катибаси" халықаралық террорлық ұйымын елде тыйым салынған ұйымдар тізіміне енгізген.

ІІМ мәліметіне сүйенсек, арнайы операция кезінде Ташкент қаласының Алмазар және Шайхантахур аудандарындағы сегіз орында тінту жүргізіліп, 11 адам ұсталды.

Ішкі істер министрлігі бұған дейін де, 23 маусымда, Ташкент қаласы мен Ташкент облысында "Тавхид ва жиход катибаси" ұйымына байланысы бар топ мүшелері қолға түскенін хабарлаған.

Сол кезде қала мен облыстағы 25 орыннан 25 адам ұсталғаны айтылған.

XS
SM
MD
LG