Ссылки доступа

БҰҰ-ның жұмыс тобы Душанбеден белсенді Максуд Иброхимовті босатуын сұрады


Максуд Иброхимов
Максуд Иброхимов

Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқықтары жөніндегі кеңесі Тәжікстан билігінен "Жастар Тәжікстанның өркендеуін қолдайды" қоғамдық ұйымының негізін қалаушы Максуд Иброхимовті босатып, оған өтемақы төлеуін сұрады.

Тәжік билігі Иброхимов бірнеше қылмыс жасады деп есептейді.

Адам құқықтарын қорғаушылардың айтуынша, Максуд Иброхимовті 2015 жылы Ресейден күшпен ұрлап әкетіп, Тәжікстанға жеткізілген. Оны жабық өткен сот 17 жылға соттаған.

БҰҰ-ның адам құқықтары жқніндегі кеңесінің күшпен ұстау мәселелері жөніндегі жұмыс тобы Ресей мен Тәжікстанның белсенді Максуд Иброхимовке жасаған әрекеттерін заңсыз деп таныды. Топ 43 жастағы тұтқынның барлық құқығын қалпына келтіруін талап етті.

Максуд Иброхимовті Душенбе қаласының Исмоили Сомони аудандық соты "Тәжікстанның конституциялық құрылымын күшпен өзгертуге шақырды", "қылмыстық қауымдастық ұйымдастырды" деп айыптаған. Алайда билік белсендіні Ресейден Тәжікстанға күшпен жеткізгені туралы айтпай отыр.

XS
SM
MD
LG