Ссылки доступа

БҰҰ-ның Жоғарғы комиссары: бірқатар ел пандемияны сөз еркіндігін шектеу үшін пайдаланды


БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Мишель Бачелет Қытай, Ресей және тағы бірқатар елді пандемияны сөз еркіндігін шектеу үшін пайдаланды деп айыптады.

Бұған қоса Бачелет АҚШ-тың коронавирус пандемиясына қатысты "шынайы жағдайды ескергісі келмей отырғанына" алаңдайтынын айтты.

БҰҰ-ның жоғарғы комиссары коронавирус пандемиясы кезінде журналистерді, блогерлерді және қоғам белсенділерін қорқытып-үркіткен елдерден Ресейді, Қытайды және Косовоны атап өтті.

Цензура мен сөз еркіндігін қылмысқа айналдыру - пандемиямен күрес кезінде маңызды мәліметтің таралуын шектейді, деп мәлімдеді Бачелет.

Ол Беларусь, Бразилия, Бурунди, Никарагуа, Танзания, АҚШ және басқа да елдегі саясаткерлердің коронавирус қауіпін жоққа шығаратын мәлімдемесіне алаңдайтынын айтты. Мұндай мәлімдемелер вирустың жайылуынан туындаған жағдайды одан сайын шиеленістіре түседі дейді комиссар.

XS
SM
MD
LG