Ссылки доступа

Қырғызстанда бір тәулікте 439 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды


Қырғызстанда бір күнде 439 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрінің орынбасары Мадамин Каратаев 1 шілдедегі брифингде хабарлады.

Бішкекте 195 адам, Шу облысында – 175, Ош қаласында – 5, Ош облысында – 5, Жалал-Абад облысында – 24, Нарын облысында – 10, Талас облысында – 12, Баткен облысында – 13 адам коронавирус жұқтырғаны мәлім болды.

Денсаулық сақтау министрлігі эпидемиологиялық жағдай ауыр екенін ескертіп, азаматтардан санитария талаптарын орындауын сұрады.

Бір тәулікте 73 науқас ауруханадан жазылып шыққан.

Қырғызстанда пандемия басталғалы бері 5735 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды. 2443 адам жазылып шықса, 62 адам қайтыс болған.

Мадамин Каратаев жасанды тыныс алу аппараты, ауруханаларда орын және медицина қызметкері жетпей жатқанын айтты.

XS
SM
MD
LG