Ссылки доступа

Қырғызстанда әйелінің мойнына автокөлік дөңгелегін іліп, азаптаған ер азамат шартты жаза алды

Видео, на котором мужчина избивал жену, повесив на нее автошины с кирпичами, вызвало бурю возмущения в Кыргызстане. Многие, рассказывая об этом случае, использовали иллюстрацию художницы Татьяны Зеленской – этот рисунок она создала, чтобы привлечь внимание общества к случившемуся

Қырғызстанда Жалал-Абад облысы Созақ ауданының соты әйелін жәбірлеген ер азаматқа екі жыл шартты жаза беріп, оны сот залынан босатты.

Бұл туралы "Әділет" адам құқығын қорғау ұйымы 2 шілдеде хабарлады.

Пробациялық бақылау - Қырғызстанның Қылмыс-процессуал кодексіндегі жаңа ереже. Айыпталушыға бірқатар міндет жүктеледі. Оны орындамаса, бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

12 маусымда әлеуметтік желілерде Созақ ауданында түсірілген видео тарады. Ер азамат әйелін байлап, оның мойнына автокөлік дөңгелектері мен кірпіш іліп, ұрған, үстіне суық су құйған. Бұның бәрін ол видеоға түсіріп алған.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, оқиға 8 маусымда болған. 47 жастағы әйел 11 маусымда милицияға арызданған. Облыстың ішкі істер басқармасы 15 маусымда зардап шеккен әйел күйеуін кешіргенін хабарлады, соған қарамастан тергеу амалдары тоқтамады.

XS
SM
MD
LG