Ссылки доступа

Өзбекстанда белсенділер зауытта қайтыс болған жұмысшы өлімін тексеруді талап етті (видео)


Пикет перед зданием «UzAutoMotors». Асака, 29 июня 2020 года.
Пикет перед зданием «UzAutoMotors». Асака, 29 июня 2020 года.

Өзбекстан құқық қорғаушылар альянсының белсенділері 29 маусымда пикет өткізіп, Әндіжан облысы Асака қаласындағы автозауытта қайтыс болған жұмысшы өлімін тексеруді талап етті. Марқұм зауытта түнеп жұмыс істеуге мәжбүр болған.

UzAutoMotors компаниясының гаражында механик болып істеген 53 жастағы А.С., әріптестері мен туыстарының айтуынша, "медициналық көмек дер кезінде көрсетілмеуі себепті қайтыс болды". Оның соқыршегі жарылып кеткен. Жұмысшы он күн бұрын іші мен арқасы ауырып жүргенін айтып, басшылықтан үйге қайтуға сұранған, бірақ оны жұмыстан жібермеген.

Құқық қорғаушылар альянсы белсенділерінің айтуынша, автомобиль зауыты ғимаратының алдында өткен пикет екі сағатқа созылды. Оған елу шақты адам қатысты. Альянс жетекшісі Елена Урлаеваның айтуынша, жұмысшылар автозауытта "адам төзгісіз жағдайда" жұмыс істеуге мәжбүр.

– Мен зауыт жұмысшыларымен сөйлестім. Оларды зауытқа қамап қойып, 15 күн бойы жұмыс істеткізеді. Өзбекстанның еңбек заңдарында жұмыс уақыты сегіз сағаттан аспау керектігі айтылған. Олар зауытта күніне 12-15 сағат жұмыс істейді. Соның салдарынан бір адам қайтыс болды, – деді Урлаева.

Зауыт механигі 3 маусымда қайтыс болған.

– Әріптесіміз іші, арқасы ауыратынын айтты. Зауыт дәрігерлері оның арқасына суық тиген деп ойлап, ине салған. Оны үйіне соқыршек іріңдеп кеткенде ғана жіберді, - деді марқұмның бір әріптесі.

Автозауыт басшылығы жұмысшы өлімін жасыруға тырысқан, дейді белсенділер. Сол себепті олар пикет өткізіп, механик өлімін тексеруді талап етті.

UzAutoMotors компанияның баспасөз қызметінен бұл мәселеге қатысты жауап алу мүмкін болмады.

Правозащитники устроили пикет перед зданием «UzAutoMotors»
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:00:20 0:00

XS
SM
MD
LG