Бішкекте 211 адам, Шу облысында – 231, Ош қаласында – 19, Ош облысында – 6, Жалал-Абад облысында – 27, Нарын облысында – 3, Талас облысында – 1, Баткен облысында – 18, Ыстық-Көл облысында – 10 адам коронавирус жұқтырғаны мәлім болды.
Бір күнде 87 науқас ауруханадан емделіп шықты.
Қырғызстанда коронавирус пандемиясы басталғалы бері 6261 адамның вирус жұқтырғаны анықталды. 2530 адам емделіп шықса, 66 адам қайтыс болды.
Қырғызстанда COVID-19 өршіп тұрған уақытта, ағзада коронавирус табылмаған, бірақ өкпесі зақымданған науқастар көбейді. Пневмониядан қайтыс болғандар туралы хабарлар әлеуметтік желілерде көп жарияланды, бірақ олар коронавирус жөніндегі статистикаға енбеген.