Ссылки доступа

Түркіменстан ДДСҰ сарапшыларының сапары алдында COVID-19-қа қарсы шараларды күшейтті


Ашғабад емханасы, маусым, 2020 ж.  
Ашғабад емханасы, маусым, 2020 ж.  

Түркіменстан еліне эпидемиологиялық жағдаймен танысу үшін келе жатқан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДССҰ) эксперттерінің сапарына дайындық жүргізіп жатыр. Бұл жөнінде Азаттықтың түркімен қызметі хабарлады.

Соңғы бір аптадан бері ел астанасы Ашғабадта COVID-19 вирусының жайылуына қарсы ДДСҰ ұсынған шаралар күшейіп, қоғамдық орындарға антисептиктер қойылып жатыр. Базарлар, спорт орындары жабылып, аймақ аралық қозғалыстарға шектеу енгізілді.

Осы апта өлке шығысындағы Лебап облысында да ДДСҰ эксперттерінің сапарына қызу дайындық жүріп жатыр. Аймақтағы барлық медициналық мекеме қызметкерлері сенбілікке шығып, ауруханалардың айналасын тазалап жатыр.

Өткен аптада ДДСҰ эксперттері Түркіменстанға шілденің басында баратынын хабарлаған.

Түркіменстан билігі өлкеде COVID-19 вирусын жұқтырғандар жоқ екенін мәлімдеп келеді. Мемлекеттік басылымдар коронавирус және ғаламдық пандемия тақырыбын көтерген емес.

Елде COVID-19 симптомымен пандемия өршіп тұр.

XS
SM
MD
LG