Ссылки доступа

БАҚ: Қырғызстан билігі медициналық құралдарды қымбат бағаға сатып алған (видео)


Экономикалық қылмыстарға қарсы күрес бойынша мемлекеттік қызмет (Қаржы полициясы) жеке қорғану құралдарын және медициналық маскаларды сатып алу бойынша мемлекеттік органдар ақпан айында жариялаған тендерлерді зерттеп шықты.

Власти Кыргызстана закупали маски и респираторы по завышенным ценам
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:51 0:00

Мекеме мәліметіне қарағанда, қазір зерттеу нәтижесі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

«ПолитКлиника» онлайн-медиасы 1 шілдеде медициналық құралдарды сатып алуға байланысты зерттеу жариялаған. Оған сәйкес, 163 млн 974 мың 315 сомға тендер жариялаған. Жалпы 2136 тендер өтіп, оның ішінен 1075 тендер іске асырылған. Іске асқан тендерлердің жалпы сомасы 116 млн 607 мың 925 сомды құраған. Жарияланған 2136 лоттың 46 проценті байқаусыз, келісім арқылы өткен.

Журналистер анықтағандай, бір лот бойынша "Фарватер" компаниясы медициналық респираторларды 400 сомнан (5 доллар) сатып алған, ал Бішкекте мұны 30-150 сом аралығында табуға болады. Үшқабатты бірреттік медициналық маскалар тендер арқылы 25 сомға сатып алынған. Ал оны дәріханалардан 10 сомға сатып алуға болады.

Жасанды тыныс алу аппаратының бір данасы 2,5 миллион сомға сатып алынған. Интернет-дүкендері арқылы VENTIlogic LS аппаратын 1 млн табуға болады.

Мемлекеттік сатып алуға 443 тарап қатысқан. Олардың 310-ы заңдық тұлға, 113-і жеке тұлға. Арасында медицина саласына қатысы жоқ фирмалар да бар. Мұндай фирмалар тендерге қатысқандардың 34 процентін құрайды.

XS
SM
MD
LG