Ссылки доступа

Тәжікстан билігі жыл соңына дейін тарифтер бағасын көтермеуге уәде берді


Көрнекі сурет

Тәжікстанда жыл соңына дейін электр энергиясы, су, байланыс және коммуналдық қызметтер үшін тарифтер қымбаттамайды. Бұл туралы президенттің "Коронавирустың әлеуметтік-экономикалық салаға тигізетін салдарынан сақтану" жөніндегі жарлығында айтылған.

Жарлыққа сәйкес, халықтың осал топтарына, оның ішінде Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, жетімдерге, бағусыз балаларға, мұқтаж және бағушысыз қалған еңбек мигранттарының отбасына 400 сомониден (40 доллар) бір реттік ақшалай жәрдем беріледі.

Бұдан бөлек пандемияға байланысты 1 мамырдан 1 тамызға дейін кәсібін толық тоқтатқан орта және шағын бизнес өкілдері салықтан босатылады.

Жарлықта сонымен бірге COVID-19 вирусына байланысты ауырған азаматтарды еңбекке жарамсыз деген анықтамамен қамтамасыз етіліп, оларға төлемақы төлеу қарастырылғаны жазылған.

24 маусымда Тәжікстан парламентінің төменгі палатасы COVID-19 пандемиясына байланысты халыққа, орта және шағын бизнеске жеңілдіктер көрсету жөнінде үкімет ұсынысын мақұлдаған.

XS
SM
MD
LG