Ссылки доступа

Өзбекстан ІІМ тұтқынның азаптаудан қайтыс болғанын теріске шығарды


Өзбекстан ішкі істер министрлігі (ІІМ) Навои түрмесінде жазасын өтеп жатқан 45 жастағы Фаррух Хидиров деген азаматтың азаптаудан қайтыс болғаны жөніндегі ақпаратты теріске шығарды.

Мекеме баспасөз қызметі дәрігерлер 27 маусымда қаза болған Хидировқа "құрт ауруының (туберкулез) IV клиникалық кезеңі" деген диагноз қойғанын мәлімдеді.

Фаррух Хидиров төрт рет сотталған. Соңғы рет 2010 жылы Ташкент облысы Янгиюль қалалық соты оны "қауіпті рецидивист" ретінде 11 жылға бас бостандығынан айырған.

13 маусымда Әндіжан облысында милиция қызметкерлерінің азаптауынан кейін комаға түскен 32 жастағы Алижон Абдукаримовтің қаза болғаны хабарланып, бұл әлеуметтік желі қолданушыларының ашуын туғызған.

ІІМ бұл оқиғаға байланысты үш милиция қызметкеріне іс қозғалып, қамауға алынғанын мәлімдеген. Бұдан бөлек тағы бес қызметкер жұмыстан алынып, 19-ы жазаланған.

XS
SM
MD
LG