Ссылки доступа

Өзбекстанда отыздағы әйел төртем туды


Өзбекстанда Наманган облысының 30 жастағы тұрғыны Мадина Икрамова төртем туды.

Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Мадина Икрамова төрт ұл туған. Олардың салмағы: 902 грамм, 1360 грамм, 1701 грамм және 1400 грамм.

Ана мен балалардың жағдайы жақсы.

Орталық директоры Ирода Мухитдинованың айтуынша, дәрігерлер ана мен бала денсаулығын сақтау үшін арнайы жоспар құрған. Жаңа туған нәрестелерге медициналық көмек көрсеткен мамандар арнайы дайындықтан өткен.

XS
SM
MD
LG