Ссылки доступа

Қырғызстанда парламент сайлауы 4 қазанда өтеді


Президент Сооронбай Жээнбеков "Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің сайлау туралы" жарлыққа қол қойды. Сайлау биыл 4 қазанда өтеді, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Сайлауды заң тәртібімен өткізу Орталық сайлау комиссиясына тапсырылды, үкіметке қажетті қаражат бөлу, азаматтардың құқықтарын, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жүктелді.

Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Нұржан Шайлдабекованың айтуынша, парламент сайлауын өткізгенде күзде елдегі эпидемиологиялық жағдай ескеріліп, санитария талаптары сақталады.

Саяси партиялар үміткерлер тізімі мен құжаттарды 24 тамызға дейін өткізуі керек. Партияларды тіркеу 3 қыркүйекте аяқталады, ал ертесіне үгіт-насихат басталады.

XS
SM
MD
LG