Ссылки доступа

Тәжікстанның 900-ден астам азаматы Қазақстаннан мен Өзбекстаннан қайтты


Тәжікстан сыртқы істер министрлігінің мәліметі бойынша, өткен аптада қазақ-өзбек шекарасынан өте алмай тұрған 776 тәжікстандық елге қайтты.

Бұған қоса, Тәжікстанның тағы 140 азаматы Өзбекстаннан келді.

Тәжік мигранттарын елге қайтару ісіне Халықаралық миграция жөніндегі ұйым, ЮНИСЕФ және Норвегия көмектескен.

3 шілдедегі дерек бойынша, қазақ-өзбек шекарасындағы "Жібек жолы" бақылау-өткізу бекетінде Тәжікстан мен Өзбекстанның 2 мыңға жуық азаматы тұрған.

Тәжікстанның Қазақстандағы елшілігі сол кезде жүз шақты ана мен бала, қарт кісі елге қайтқанын хабарлаған. Бұған дейін олар автобус станциясында бірнеше апта түнеуге мәжбүр болған.

XS
SM
MD
LG