Ссылки доступа

"Адабиёт" газетінің карантинде бір ай отыруға мәжбүр болған бас редакторы коронавирус жұқтырды


Главный редактор газеты «Адабиёт» («Литература») Бахтиёр Карим.

"Әділет және даму" социал-демократиялық партиясын құру туралы бастама көтергендердің бірі, "Адабиёт" ("Әдебиет") газетінің бас редакторы Бахтияр Карим коронавирус жұқтырды.

61 жастағы Бахтияр Каримнің коронавирус жұқтырғаны 3 шілдеде белгілі болды. Бұған дейін оны бір ай бұрын мәжбүрлі түрде карантинге жіберген. Мәліметті 4 шілдеді "Озодликқа" бас редактордың өзі растады.

– 3 шілдеде маған коронавирус жұқтырғанымды айтты. Бір күн бұрын анализ алған. Мені карантин аймағынан ТашМиге ауыстырды. Жағдайым жаман емес, – деді Бахтияр Карим.

Еске салайық, 6 тамызда бас редактордың отбасын Ташкент облысы Урташыршық ауданындағы "Уртасарай" ауылындағы карантин лагеріне алып кеткен. Бұның алдында Бахтияр Каримнің бір әріптесінің баласы коронавирус жұқтырғаны анықталған.

11 күннен соң, 17 маусымда Бахтияр Каримді отбасынан бөліп, оны Ташкенттегі тері аурулары ауруханасына жіберген. Бұл аурухана да карантин лагеріне айналған еді.

26 маусымда Бахтияр Карим карантинде мәжбүрлі түрде ұстап отырғанын, бұған оның саяси көзқарасы себеп болуы мүмкін екенін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG