Ссылки доступа

Өзбекстан үкіметі мигранттардан "шекара ашық" деген жалған ақпаратқа сенбеуін сұрады


Өзбекстанның Ресейдегі елшілігі мигранттардан орыс-қазақ шекарасынан өтуге көмектесу үшін ақша сұрайтын алаяқтарға сенбеуін сұрады.

Елшілік мәліметі бойынша, "кейбір адамдар орыс-қазақ шекарасынан өтуге көмектесем деген жалған уәдемен" еңбек мигранттарын алдап жүр.

Елшілік мигранттарға Ресей, Өзбекстан және Қазақстан карантин тәртіптерін өзгертпегенін ескертті.

"Өзбекстан азаматтары Ресейдің Самара облысындағы Большая Черниговка ауылында, Оренбург облысының Соль-Илецк қаласына көптеп жиналып жатыр. Олар орыс-қазақ шекарасынан өтуге көмектесем деген адамдардың жалған уәдесіне сеніп қалған" деп хабарлады елшілік.

Бұған қоса, елшілік адамдардың бір жерге көптеп жиналуынан коронавирус тарау қаупі өсетінін де ескертіп отыр.

XS
SM
MD
LG