Ссылки доступа

COVID-19 бойынша ДДСҰ миссиясы Түркіменстанға аттанды


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының логотипі
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының логотипі

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) COVID-19 бойынша миссиясы 6 шілдеде Түркіменстанға аттанды. Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге бұл жайында Twitter парақшасына жариялады.

Миссия құрамындағы арнайы мамандар 10 күн бойында Түркіменстанның жоғары лауазымды тұлғаларымен, денсаулық сақтау саласында қызмет істейтін мамандармен кездесіп, індеттің таралуының алдын алу жұмыстарын бірлесіп қарастырмақ.

Эксперттер сонымен бірге қалалық және аймақтық медициналық мекемелерге, зертханаларға да баруды жоспарлап отыр.

Түркіменстан билігі әлі күнге дейін елінде COVID-19 вирусы анықталмады деп мәлімдеп келеді. Бірақ елде пневмония өршіп тұрғаны байқалады.

XS
SM
MD
LG