Ссылки доступа

Тәжікстанда жер сілкініп, ондаған үй зардап шекті


Тәжікстан шығысындағы Тәжікабад ауданында ондаған үй өткен сенбіде болған жер сілкінісінен зардап шекті.

Сейсмологтардың хабарлауынша, жер сілкінісінің эпицентрі Гарм ауылынан 50 шақырым қашықтықта Рихтер шкаласы бойынша 5 балл, Душанбеде 3 балл болған.

Жергілікті тұрғындардың Азаттықтың тәжік қызметіне жіберген видеосына қарағанда, жер сілкінісі салдарынан таудан тас түскен.

Қазір табиғат апатының келтірген шығыны есептеліп жатыр.

«Біздің есебіміз бойынша 59 үй зардап шеккен. 10-12 үй жартылай бұзылған. Адам шығыны болмады», - деп хабарлады Ширинчашма ауылының әкімі Мусо Мазоков.

Бірақ зардап Теккен ауылдың тұрғыны Зафар 200-ге тарта үй қирап қалды дейді.

Тәжікабад билігі табиғат апаты келтірген шығынды өтейміз деп уәде беріп отыр.


XS
SM
MD
LG