Ссылки доступа

Самарқанда туған сиям егіздері қайтыс болды


Самарқанд облысында 27 маусымда дүниеге келген сиям егіздері он күн өткеннен кейін қайтыс болды. Бұл жөнінде Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігі ресми Telegram-каналында хабарлады.

29 маусымда егіздерді тыныс алу және жүрек қағысы әлсіз болғандықтан, облыстық балалар медициналық орталығына ауыстырған.

Жансақтау бөлімінде арнайы ем қабылдағанымен, 6 шілдеде бірі 7:50-де, екіншісі 10:50-де көз жұмған. Дәрігерлер негізгі себеп жүрек ақауынан болды деп байлам жасаған.

Сиям егіздерінің дүниеге келуі сирек құбылыс. Осыған дейін мұндай жағдай Өзбекстанда тіркелмеген.

XS
SM
MD
LG