Ссылки доступа

Мирзияев коммерциялық банктердің қызметін сынады


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев елдегі коммерциялық банктер трансформациясын тездету керек деп мәлімдеді.

Бұл туралы Мирзияев 6 шілдеде елдегі банк жүйесін реформалау мәселелеріне арналған жиналыста айтты.

Президент баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, жиналыста Мирзияев елдегі алты коммерциялық банк - "Ипотекабанк", "Саноаткурилишбанк", "Туронбанк", "Асакабанк", "Алокабанк" және "Агробанк" халықаралық қаржы институттарымен әріптестік орнатқанын, алайда қалған банктердің трансформациясы кешігіп жатқанын айтты.

Жиналыста банк жүйесіндегі жемқорлықты жою мәселесі де сөз болды.

Мирзияев мемлекет активтері бар коммерциялық банктердің әлі күнге дейін үкімет қаражатына қарап отырғанын сынады. Мемлекет басшысы банктер қаражатты мемлекеттік қолдауы мен көмегінсіз өзі тартуы керек деп мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG