Ссылки доступа

Пандемия тәжік экономикасына ауыр соққы жасады (видео)


Рынок разнорабочих в Душанбе. Люди не могут найти работу даже там

Коронавирус пандемиясы Тәжікстан экономикасына ауыр соққы жасады. Еңбек мигранттарының елге ақша жолдай алмауы халықтың тұрмысын ауырлатты.

Пандемия сильно ударила по таджикской экономике
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:41 0:00

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Халықаралық валюта қорына жолдаған үндеуінде Ресейден аударылатын ақша 50 пайызға қысқарғаны айтылған. Мысалы, биыл наурыз айында аударылған ақша өткен жылдың осы айымен салыстырғанда 80 миллион долларға аз болған. Тәжікстанда әрбір төртінші отбасының табысы еңбек мигранттарына тікелей байланысты.

Дүниежүзілік банк мәліметі бойынша, биыл Тәжікстан экономикасын құлдырау күтіп тұр. Экономикадағы стагнация екі пайыз көлемінде болады деп болжанған.

Биыл республикада импорт пен экспорт көлемі қатты азайды. Тәжікстан статистика агенттігінің мәліметі бойынша, Тәжікстаннан 40 млн доллардың тауары ғана экспортқа шыққан. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 56 пайызға кем.

Сарапшылар пандемия кезінде Тәжікстан экономикасы 600 миллион доллар шығындалды деп болжайды.

XS
SM
MD
LG