Ссылки доступа

"Роскосмос" басшысының кеңесшісі, журналист Сафронов "елді сатты" деген айыппен ұсталды


Мәскеуде "Коммерсант" және "Ведомости" газеттерінің бұрынғы журналисі Иван Сафроновты "мемлекетті сатты" деген күдікпен ұстады. Бұл туралы ТАСС және "Ашық медиа" дереккөздері хабарлады.

Сафронов екі айда "Роскосмос" корпорациясының басшысы Дмитрий Рогозиннің кеңесшісі болған. Ол корпорация ішінде ақпарат саясатын жүргізіп, кейбір арнайы бағдарламаларға жетекшілік еткен. "Роскосмос" журналистің ұсталуы оның қазіргі жұмысына қатысы жоқ деп мәлімдеген.

The Bell басылымының хабарлауынша, "Коммерсант" газетін де мемлекеттік немесе заңмен арнайы қорғалған құпияны жариялағаны үшін әкімшілік жауапқа тартуы мүмкін. Істің не себепті қозғалғаны хабарланбады. Алайда басылым оны биыл мамыр айында "Коммерсант" сайтынан алып тасталынған материалмен байланыстырады. Мақалада Су-35 әскери ұшағының Египетке сатылғаны туралы айтылған. Одан соң АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Египетке санкция салынуы мүмкін екенін мәлімдеген.

Сол мақаланың авторларының бірі Иван Сафронов болған. Оны мамыр айының басында "Коммерсант" газетінен шығарып жіберген. Журналист басылым әкімшілігін цензура орнатты деп айыптаған.

XS
SM
MD
LG