Ссылки доступа

Бішкекте бірнеше сауда орындары жұмысын уақытша тоқтатты


Бішкектегі "Дордой Плаза" сауда орталығы эпидемиологиялық ахуалға байланысты 19 шілдеге дейін уақытша жабылды. Бұл жөнінде сауда орталығы әкімшілігі хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, бұл күндері сауда орталығының азық-түлік гипермаркеті, дәріхана және банк бөлімшілері ғана жұмыс істейді.

Сонымен бірге "Asia Mall", "Технопарк" сауда орталықтары мен "РИОМ" көлік сататын базары да уақытша жабылды.

Қырғызстанда соңғы күндері коронавирус кең тарап, жағдай ушығып жатыр. Вирустан және пневмониядан қайтыс болып жатқандар саны көбейді. Ауруханалар науқастарға лық толған. Дәріханаларда қажетті дәрілер жоқ.

Президент Сооронбай Жээнбеков 6 шілдеде карантинді күшейту мәселесі қаралып жатпағанын айтқан.

XS
SM
MD
LG