Тәжікстан сыртқы істер министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, өлкеден 686 адамға шығуға рұқсат берілген. Ресей билігі Өзбекстан және Қазақстан үкіметімен сөйлесіп, азаматтары үшін транзиттік жол ұйымдастырған.
Тәжікстаннан шығып кетуге рұқсат берілгендердің көбінде қос азаматтық бар. Олар маусым айының ортасынан бері елден кету үшін тәжік-өзбек шекарасында тұрып жатқан.
Осыған дейін Ресей Тәжікстандағы азаматтарын алып кету үшін, бірнеше рет рейс ұшырған. Бірақ көбі 400 еуро тұратын билетті сатып ала алмағандықтан, Ресейге көлікпен баруды шешкен.