Ссылки доступа

Өзбекстанда қыздар сексизм және зорлық-зомбылыққа қарсы флешмоб өткізді


Өзбекстанда Exponautz Art Gallery онлайн-тобының бірнеше мүшесі әйелдерге зорлық-зомбылық көрсетуге және сексизмге қарсы флешмоб өткізді.

Олар "Әйел мал емес", "Келін құл емес!", "Менің денем менің ісім!!!" деген сөздер жазылған плакаттарды ұстап суретке түсіп, әлеуметтік желілерге жариялады.

Жергілікті блогер Умид Гафуров бұл флешмобқа "Егер гендерлік теңдік болса, сен де кірпіш тасы", "Келін болғандықтан міндетіңді атқар" деп жауап беріп, әлеуметтік парақшасына шығарды.

Өзбек қыздарының бұл акциясы Ферғана қаласында бойжеткеннің қысқа кигені үшін соққыға жығылғанына қарсылық ретінде өтіп жатыр. Бұл оқиға әлемуеттік желіде резонанс туғызғанымен, іс сотқа жеткен емес.

XS
SM
MD
LG