Ссылки доступа

БҰҰ: ресейлік әуе соққыларды әскери қылмыс деп есептеуге болады


Идлиб провинциясы, Ариха қаласындағы үйінділер арасында ауыз ашып отырған мұсылман отбасы, 4 мамыр, 2020 жыл.
Идлиб провинциясы, Ариха қаласындағы үйінділер арасында ауыз ашып отырған мұсылман отбасы, 4 мамыр, 2020 жыл.

Сирия мен Ресейдің Идлиб провинциясындағы мектептерге, ауруханаларға және базарларға жасаған әуе соққыларын әскери қылмыс ретінде есептеуге болады. Осылай деп БҰҰ-ның Сириядағы оқиғаларды зерттеген баяндамасында жазылған.

"Наурыз айында бітім жариялағанға дейін үкіметтің әуе күштерінің соққыларынан жүздеген адам мерт болып, миллионға тарта адам үйін тастап қашуға мәжбүр болған. Бұл адамзатқа қарсы жасалған қастандыққа тең",- деп жазылған баяндамада.

Комиссия басшысы Пауло Пиньейрудың айтуынша, БҰҰ террористік деп тапқан үкіметтік күштер Сирияда соғыс заңдарын және азаматтардың құқықтарын бұзған.

Баяндамада Сирияның солтүстік-батысындағы 52 шабуыл жөнінде жазылып, олардың 47-сін үкіметтік күштер Ресейдің қолдауымен жасалғанын атап өткен.

Бұдан бөлек 5 наурызда Маарет-Мисрин қаласына жақын жердегі босқындар орналасқан құс фабрикасына, 29 қаңтарда көтерілісшілердің бақылауындағы Ариха қаласындағы аурухана маңына бірнеше соққы жасалғаны жазылып, олар үшін Ресейдің әскери әуе ұшақтарына жауапкершілік жүктелген.

XS
SM
MD
LG