Ссылки доступа

Тәжікстан Азия даму банкінен $364 млн сұрап отыр


Давлатали Саид

Тәжікстан экономикасы коронавирус пандемиясы салдарынан қиын жағдайға тап болды, делінген Тәжікстанның бірінші вице-премьері Давлатали Саидтің Азия даму банкінің президенті Масацуга Асакаваға жазған хатында.

Тәжікстан үкіметі коронавирустың экономикаға ықпалын азайтуды көздейтін бағдарлама дайындады. Оны жүзеге асыруға 364 млн доллар керек. Несиенің 176,5 млн доллары денсаулық сақтау саласы мен тұрмысы нашар отбасыларды қолдауға жұмсалады. 187,5 млн доллар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, шағын және орта бизнесті қолдауға аударылады. Тәжік шенеунігінің хатында осылай делінген.

Хатта республикада алты айда қалыптасқан қиын жағдай сипатталған. Тәжік үкіметі бұл мәліметтерді жарияламады.

Давлатали Саидтің болжамына қарағанда, жыл соңында жұмыссыздық 100 мыңға дейін өседі. Вице-премьер биыл елдің экономикалық өсімі 7,5 пайыз емес, 2,4 пайыз деңгейінде қалады деп болжады. Тәжікстан коронавирус пандемиясы салдарынан ішкі жалпы өнімнің 20 пайызынан айрылып қалуы мүмкін.

Өткен айда Тәжікстан үкіметі мен Азия даму банкі 50 млн доллардың грантын бөлу туралы келісімге қол қойған.

Еске салайық, өткен айда Халықаралық валюта қоры Тәжікстан үкіметіне 189,5 млн доллар қаржылай көмек берді.

XS
SM
MD
LG