Ссылки доступа

Қырғызстан оттегі концентраторларын сатып алды


8 шілдеде Бішкекке 200 мобильді оттегі концентраторлары жеткізілді. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Тағы 800 концентратор жақында жеткізіледі. Қырғыз үкіметі сатып алған оттегі концентраторларының алғашқы партиясы 5 шілдеде әкелінген.

"Оттегі концентраторлары республиканың медициналық мекемелеріне бөлінеді" деп хабарлады үкімет.

Концентраторларды сатып алуға 50 млн сом (шамамен 643 мың доллар) бөлінген. Бұл туралы премьер-министр Кубатбек Боронов өткен аптада хабарлаған.

Қырғызстанда бір тәулікте 345 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы 8 шілдеде денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Айнұр Акматова хабарлады.

Республикада бір күнде 13 адам COVID-19 ауруынан, 44 адам пневмониядан қайтыс болды.

XS
SM
MD
LG