Ссылки доступа

Өзбекстан 10 шілдеден бастап карантин тәртібін күшейтеді


Өзбекстан 10 шілдеден бастап 1 тамызға дейін карантин тәртібін күшейтеді. Республикалық арнайы комиссия осындай шешім шығарды.

Комиссия шешіміне сәйкес, Өзбекстанда тамызға дейін көлік қозғалысы шектеледі, мемекеттік мекемелерде қызметкерлердің жарымы қашықтан жұмыс істейді. Жиналыстар өткізуге тыйым салынады. Аймақтар арасында көлік қозғалысы тоқтайды.

Мәдени және ойын-сауық шараларын өткізуге болмайды. Үйлену тойлары және басқа да тойларды өткізуге тыйым салынады. 65 жастан асқан адамдарға қоғамдық орындарда жүруге, үш адамнан көп жиналуға болмайды.

Тамызға дейін саябақтар, аттракциондар және демалыс аймақтары жұмысын тоқтатады. Ірі сауда базарлары жабылады. Балабақшалар мен оқу орталықтары жұмыс істемейді. Мейрамхана, кафе және шайханалар қызметі тоқтайды.

Халықаралық қатынас тәртібі өзгереді: рейстер екі есе азаяды, жүк көліктерін жүргізушілер коронавирус бар-жоғын анықтайтын тесттен өтеді.

XS
SM
MD
LG