Ссылки доступа

Журналист Саид-Абдулазиз Юсупов бостандыққа шықты


Саид-Абдулазиз Юсупов.
Саид-Абдулазиз Юсупов.

Өзбекстан билігі 8 шілдеде Тәуелсіз БАҚ-ты қорғау қорының бұрынғы басшысы, 38 жастағы Саид-Абдулазиз Юсуповты түрмеден босатты.

Ол "алаятық жасады", "пара алды", "ақша ұрлады" деген айыптар бойынша алты жылға сотталған. Оның адвокаты Арслан Шаймардонов журналистің бостандыққа шыққанын растады.

"Қазір біз Саид-Абдулазиздің үйіндеміз. Бостандыққа шыққанын тойлап жатырмыз. Оны мемлекетке келтірген шығынды өтеді деген себеппен босатты. Көңіл-күйі жақсы", – деді адвокат.

Саид-Абдулазиз Юсупов 2019 жылдың мамыр айында елдің мемлекеттік қауіпсіздік қызметі тарапынан ұсталған.

Осыған дейін бас прокуратура хабарлағандай, Мемлекеттік қауіпсіздік қызметіне азаматтар хабарласып, Юсупов арнайы қызметтің өкілімін деп алдап, ірі көлемде ақша алғанын айтқан.

2019 жылдың күзінде Саид-Абдулазиз Юсупов 6,5 жылға сотталды.

Журналистің анасы мен әйелі тергеу абақтысында оның азапталғанын айтып, мәлімдеме жасаған.

Биыл 12 мамырда журналистің бауыры Мухаммед Юсупов Facebook парақшасы арқылы президентке видео үндеу жариялаған. Ол ағасының президент Шавкат Мирзияевті қолдайтынын жеткізген.

Тәуелсіз БАҚ-ты қорғау қоғамдық қоры 2005 жылы президент жарлығымен құрылған.

XS
SM
MD
LG