Ссылки доступа

Қырғызстанның денсаулық сақтау министрі мен оның орынбасары пневмониямен ауырды


Глава Минздрава Кыргызстана Сабиржан Абдикаримов

Қырғызстанның денсаулық сақтау министрі Сабиржан Абдикаримов пневмониямен ауырды. Коронавирус ауруына тән белгі оның орынбасары Нурболот Усенбаевта да бар. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары министрліктегі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.

Сабиржан Абдикаримов пен Нурболот Усенбаев министрлікке келіп жүрген жоқ. Министрдің тағы бір орынбасары Мадамин Каратаевтың тыныс алуы қиындаған. Бұл мәліметті де дереккөз берген.

Бұның алдында парламенттегі бірнеше депутат коронавирус жұқтырғаны хабарланған. Парламенттің бұрынғы спикері Чыныбай Турсунбеков осы кеселден қайтыс болды. 29 маусымда елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев абақтыдан ауруханаға жеткізілді. Оған "пневмония" диагнозы қойылған. Алайда бүгін Атамбаевты абақтыға қайтарған. Саясаткердің жағдайы бірқалыпты деп хабарланды.

Қырғызстанда сәрсенбіде 13 науқас коронавирустан, 44 адам пневмониядан қайтыс болды. Республикада 8486 адам COVID-19 жұқтырғаны анықталған. 8 шілдеде Қырғызстан коронавирус пен пневмония статистикасын біріктіретіні мәлім болды.

XS
SM
MD
LG