Ссылки доступа

Соғды облысы перзентханасының бас дәрігері қайтыс болып, мекеме карантинге жабылды


Шоира Бузурукова
Шоира Бузурукова

Тәжікстанда Соғды облыстық перзентханасының бас дәрігері қайтыс болып, емдеу мекемесі карантинге жабылды.

Облыстық перзентхананың бас дәрігері Шоира Бузурукова 5 шілдеде жұқпалы аурулар ауруханасында қайтыс болды. Мұнда СOVID-19 жұқтырғандарды емдейді.

8 шілдеде Худжанд қаласындағы облыстық перзентхана науқастарды қабылдамай қойды. Мекемедегі дәрігерлердің айтуынша, карантин шамамен екі аптаға созылады. Перзентхананың барлық қызметкері коронавирус бар-жоғын анықтайтын тесттен өтуі тиіс.

Перзентхана карантинге жабылғанына қарамастан, бас дәрігердің нақты неден қайтыс болғаны туралы хабарланбады.

Қазір қалалық перзентхана маңында адам көп. Емдеу мекемесі сәуірде коронавирус жұқтырған науқастарды қабылдайтын орынға айналған еді.

XS
SM
MD
LG