Облысты екі аптаға жабу жөніндегі шешім дәрігерлер ұсынысымен қабылданған. Талас өңірінде барлық базар мен сауда орындары және футбол алаңдары да жабылды.
Таяуда осындай шектеуді Баткен облысы енгізген.
Аймақтарға тек азық-түлік, құрылыс заттары тиелген жүк көлігі кіргізіледі.
Соңғы аптада Қырғызстанда эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлады. Соңғы тәулікте 361 адамнан COVID-19 вирусы анықталды. Жалпы індет жұқтырғандар саны - 8847.