Ссылки доступа

Австрия Жоғарғы соты тәжік азаматын еліне экстрадициялауды заңсыз деп тапты


Хизбулло Шовализода

Австрияның Жоғарғы соты 29 жастағы Хизбулло Шовализоданы Тәжікстанға экстрадициялау туралы шешімді теріске шығарып, оның еуропалық өлкеде тұру құқығын қалпына келтірді.

Австрияда тұрып келген тәжікстандық Хизбулло Шовализода биыл 4 наурызда еліне экстрадицияланған. 12 маусымда ол Тәжікстанда 20 жылға сотталды.

Австрияның Жоғарғы соты 7 шілдеде өлке билігінің Шовализодаға саяси баспана беруден бас тартып әрі оны Тәжікстанға экстрадициялау шешімін заңсыз деп тапты.

"Вена Тәжікстан азаматына елден өз еркімен шығып кетуіне құқық берген емес және оны экстрадициялау туралы шешім шығаруда Тәжікстандағы ескі мәләметке сүйенген", - деп жазылған Жоғарғы соттың шешімінде.

Шовализоданың адвокаты Грегор Кламмериннің айтуынша, Жоғарғы сот австрия билігін тәжікстандық азаматты кері қайтаруды қамтамасыз етуге міндеттеген.

4 наурызда Австриядан Тәжікстанға экстрадицияланған Хизбулло Шовализода 12 маусымда 20 жылға сотталған. Елдің Жоғарғы соты бұл істе мемлекеттік құпия барын айтып, пікір білдіруден бас тартқан.

Тәжікстан бас прокуратурасы Шовализодаға "Экстремистік топтың іс-әрекетіне қатысты" және "Мемлекетке шығын келтіру" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген.

Тәжік билігі мәліметіне сәйкес, ол Тәжікстанда тыйым салынған "Исламның қайта жаңғыруы партиясының" жұмысына қатысқан және билікті күшпен тартып алуға әрекет қылған.

XS
SM
MD
LG