Ссылки доступа

Қашқадариядағы зауыт құрылысында жүзден астам жұмысшы коронавирус жұқтырды


Өзбекстанның Қашқадария облысы Гузар ауданында синтетикалық сұйық отын шығаратын Uzbekistan GTL зауытын салып жатқан 127 құрылысшы коронавирус жұқтырған. Бұл туралы Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Зауыт құрылысындағы жұмысшылардың бәрі карантин аймағына жатты.

Айта кетейік, коронавирус пандемиясы кезінде Өзбекстанда зауыттар мен ірі кәсіпорындар қызметі тоқтаған жоқ.

Бұның алдында елдегі бірнеше зауыттың жұмысшылары карантин кезінде кәсіпорында түнеуге мәжбүр екеніне шағымданған.

Билік әлеуметтік алшақтық сақтауды талап етсе, жүздеген жұмысшы күнде тар жерде бірге ұйықтап, бір уақытта тамақтанатынын айтқан.

XS
SM
MD
LG