Ссылки доступа

Тәжікстанның ішкі істер министрлігі журналист Абдулло Гурбатиді мемлекеттің қорғауына алудан бас тартты


Абдулло Гурбати после нападения в Хуросонском районе
Абдулло Гурбати после нападения в Хуросонском районе

Тәжікстанның ішкі істер министрлігі "Азия-Плюс" ақпарат агенттігінің журналисі Абдулло Гурбатидің мемлекет қорғауына алу туралы өтінішін қабылдамады.

Министрлікке мұндай өтінішті журналист атынан оның адвокаты Абдурахмон Шарипов өткізген.

Тәжікстандағы азаптау және әділетсіздікпен күрес жөніндегі азаматтық қоғам коалициясының хабарлауынша, ішкі істер министрлігі журналист адвокатының өтінішін қабылдамаған. Министрлік "жәбірленуші Гурбатовтың басына қауіп төніп тұрғанын дәлелдейтін нақты себеп жоқ" деп жауап берген.

"Азия-плюс" журналисіне жасалған алғашқы қастандықтан соң адвокат Шарипов ішкі істер министрлігіне арызданып, белгісіз біреулер Гурбатиді қорқытып жүргенін мәлімдеген. Ол бұл адамдардың кімдер екенін анықтауды сұраған.

Абдулло Гурбатиге биыл мамыр айында екі мәрте шабуыл жасалды. 11 мамырда оны Душанбедегі үйінің алдында екі адам ұрып кетті. 29 мамырда журналист қызмет бабымен жүргенде үш адам оны балағаттап, бірнеше мәрте ұрған.

Алғашқы шабуылды кімдер жасағаны анықталмады. Екінші шабуылға кінәлілер 580 сомони ($57) айыппұл төлеп құтылды.

Халықаралық ұйымдар мен журналистер қауымдастығы Абдулло Гурбатиге жасалған шабуылды айыптады.

XS
SM
MD
LG