Ссылки доступа

Тұрғындар наразылығынан соң Белград комендант сағатын енгізуден бас тартты


Протест перед зданием парламента в Белграде, 9 июля 2020 года
Протест перед зданием парламента в Белграде, 9 июля 2020 года

Сербия үкіметі Белградта демалыс күндері коронавирус пандемиясына байланысты комендант сағатын енгізуден бас тартты. Бұған астана тұрғындарының жаппай наразылығы себеп болды.

Белград қаласында демалыс күндері он адамнан көп жиналуға тыйым салынды. Мейрамханалар, дүкендер және басқа да қоғамдық орындар кешкі сағат 21:00-де жабылады, саябақтар мен үсті ашық орындар сағат 23:00-ке дейін істейді. Үкімет басшысы Ана Брнабич комендант сағатын енгізу тиімді болар еді деп мәлімдеп, бірақ билік бұл райынан бас тартқанын айтты.

21 маусымдағы парламент сайлауы өткен соң билік елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлағанын ескеріп, карантин талаптарын күшейтуге көшкен.

7 шілдеде коронавирустан 13 адам қайтыс болды. Сол күні ел президенті Александр Вучич Белградта комендант сағаты енгізілгенін жариялады. Биліктің мұндай шешімі тұрғындардың наразылығын туғызды. 8-9 шілдеде Белградта жүздеген адам наразылық акциясына шықты. Митинг жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Полиция 150-ден астам адамды ұстады.

Соңғы мәлімет бойынша, коронавирус пандемиясы басталғалы бері Сербияда 17 мыңнан астам адамның коронавирус жұқтырғаны анықталған. 352 адам қайтыс болған. 13,5 мың адам жазылып шыққан.

XS
SM
MD
LG