Ссылки доступа

Ресей дәрігерлерінің тағы бір тобы Бішкекке келді


10 шілдеде Қырғызстанға Ресейдің Новосибирск қаласынан чартерлік рейс ұшып келді. Онымен 192 қырғызстандық елге оралды. Бұл туралы республиканың шұғыл штабы хабарлады.

Осы рейспен Қырғызстанға коронавирус күресуге көмектесуге өз еркімен келіскен дәрігерлер мен медбикелер ұшып келді.

Бұның алдында Мәскеу мен Екатеринбург қалаларының дәрігерлері Бішкекке келген. Қырғызстанға көмектесуге келіскен ресейлік дәрігерлердің нақты саны айтылмады.

Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі "Авифавир" препаратын алдыру үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатқаны мәлім болды. Бұл туралы 10 шілдеде министрлік өкілі Айнұр Акматова айтты.

"Өткен аптада Ресейдің делегациясы елде болды. "Авифавир" препаратына қатысты мәселе де сөз болды. Денсаулық сақтау министрлігі Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр", - деді Акматова.

Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі "Авифавир" препаратын COVID-19 вирусынан емдейтін дәрі деп тіркеген.

XS
SM
MD
LG