Ссылки доступа

Қырғызстанда дәрілерді қымбат бағаға сатып жатқандарға қылмыстық іс қозғалды


Қырғызстанның экономикалық қылмыстарға қарсы күрес бойынша мемлекеттік қызмет (Қаржы полициясы) дәрі-дәрмектерді, медициналық құралдарды дәріханалардан алып, қайта қымбат бағаға сатып жатқандардың ұсталғанын мәлімдеді. Оларда дәрі сатуға рұқсат беретін құжаттары болмаған.

Азаттықтың қырғыз қызметі хабарлағандай, қаржы полициясы тексеру барысында қаланың бірнеше жерінде "Клексан" дәрісін 8 мың сомнан 14 мың сомға (100 доллардан жоғары) дейін сатып жатқан дәйектер анықталған. Оларға қарсы сотқа дейінгі тергеу ісі басталған.

Коронавирус күшейіп тұрған кезде Қырғызстанда дәрі-дәрмектің бағасы көтеріліп, тапшы болып жатыр. Адамдардың көбі қанды сұйылтатын антикоагулянттарға, антибиотиктерге және вирусқа қарсы дәрілерге мұқтаж болып жатыр. Қала ішінде дәріханаларға кезек көбейген.

XS
SM
MD
LG